Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні аудандық орталық Қордай мешітінің алдында қайырымдылық жәрмеңкесі жасалды.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қордай ауданындағы Әйел-қыздар секторы, мешіт шәкірттері атсалысты. Қыз-келіншектер түрлі дәмді тәттілерді қолдан пісіріп, жәрмеңкеде жұма намазынан шыққан жамағатқа сатты. Ал шарадан жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды.
Осылайша, асты сатып алушы да, дайындаушы да игі іске қолғабыс болып отыр. Аталған іс-шараны мешіт пен шәкірттері көктем уақытында жиі ұйымдастырып тұруға ниетті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі