Қордай ауданы Қақпатас ауылдық мешітінің жамағаты Нұр-Мүбарак университетінен арнайы келген Амангелді Тілекқабыл ұстазбен жүзесті.
Білікті маман "Пайғамбарымызды дұрыс тану" жайында әсерлі уағыз айтып, жамағаттың көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Адамзаттың асылы болған ардақты елшінің өмір жолы, оған деген сүйіспеншілік, үлгі-өнегесі жайлы көркем насихат айтқан ұстаз өз сөзінде: "Ғұламалар: «Екі дүниенің бақыты – иманда, иманның негізі – Жаратушыға деген махаббатта; ал Алла Тағалаға деген махаббаттың дұрыстығы, оның өлшемі – Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) өнегесіне ілесіп, сүннетімен өмір сүруде», – деп түйіндейді. Сондай-ақ «Пайғамбарды тану – Жаратқан Иемізді танудың, асыл дінімізді дұрыс түсінудің шарты; ал Алла елшісін сүю – Алла Тағалаға деген сүйіспеншіліктің дәлелі», – дейді" - деп атап өтті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі