Құран – уақыт көші жылжыған сайын жасара, жаңара түсетін, қартаймайтын қасиетке ие жалғыз Кітап. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Оны жаттаған адамға, үйретушіге берілетін сауап пен берекені айтып жеткізе алмаспыз.
"Сендердің ең жасыларың Құранды үйреніп, оны басқаға үйреткенерің" - дейді Құранда. Осы мақсатта аудандық Қордай мешітінде Сауат ашу курсында оқып жүрген шәкірттер арасында Құран сайысы өтті.
Шәкірттер 1 пара және жарты пара бойынша бақ сынады. Ұстаздар Құран оқушының мәнеріне, жаңылмай жатқа айтуына, махражына назар аударды. Жүзден жүйрік шыққандарға 1, 2, 3 орындар бойынша жүлделі болғандарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Сыйлықтарды Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы табыстап, балдырғандарға батасын берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі