Жұма күні Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде 15 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық шарасына аудан бас имамы Жалғасбай Дуйсенбайұлы, найб имам Азамат Ұзақов және мешіт жамағаты қатысты.
Бас имам Жалғас Дүйсенбайұлы "Беркелі жұма" науқаны әр айда жалғасын табатынын, қашанда мұқтаждарға қол ұшын беріп, қайрымдылық жасау асыл дініміздің негізгі міндеті екенін айтты. Келген жамағат ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кетейік, екі жұма бұрын аталмыш науқан аясында 16 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылған болатын.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі.