Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлының ұйытқы болуымен айлық дастархан ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты жиналып уағыз тыңдады.
Ізгі шарада аудан бас имам, найб имам Азамат Узақов, мешітіміз ұстазы Қайрат Берікболатұлы, "Әбдибай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек өзінің ғибратты насихаттарын айтты.
Игі іс-шараға риза болған жамағат, уағыз тыңдап, риза болып тарқасты. Алдағы уақытта осындай игі шараларды тұрақты өткізіп тұратын болып шешті.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі