#Жамбыл: Имамдар жұма намазын мешіттерімен ауысып өтті

#Жамбыл: Имамдар жұма намазын мешіттерімен ауысып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданында Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешіті мен Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамдары жұма намазын мешіттерімен алмасып өтті. Айша-бибі ауылының имамы Қатарбай Таджибаев «Бөктөбе» мешітіне жұма намазын өткізді. Ал Бектөбе ауылының имамы Ғани Жанұзақұлы «Айша-бибі» мешітіне намаз өткізді.

Имамдар жергілікті мешіт жамағатына  жұма уағызын айтып, намаз жүргізді. Ал жұма уағызының тақырыбы «Миғраж оқиғасы және оның ғибадаты» болды. Насихатты мұқият тыңдаған жамағат имамдарға сұрақтарын қойып, жауап алды. Алдағы уақыттада дәл осылай,  Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес, ауыл имамдары мешіттерімен ауысып жұма намазын өткізіп тұруды қолға алуда.                                           

Миғраж түні, онда болып өткен ғажайып оқиғалар біздерге қашан да ғибрат. Сондықтан біз бұған күмәнсіз иман келтіруіміз қажет. Алла Тағала біздерге Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына бөленуімізді нәсіп етсін!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: