#Жамбыл: Тақуа кісілердің сипаты

#Жамбыл: Тақуа кісілердің сипаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Рахат ауылының имамы Жандос Жұмағұлов аудан мешітінің жас жамағатына арнап, «тақуа кісілердің сипаты» турасында кеңінен уағыз айтты.

Адам баласынының екі дүниеде дәрежесінің көтерілуіне, жасаған игі амалдарының қабыл болуына, Жаратушысының құзырында ардақтылардың қатарынан болуына себепші болатын сипат – тақуалық.

Асыл дінімізде тақуалық деп – пенденің Алла Тағаланың бұйрықтарын орындау мен тыйымдарынан тыйылуы арқылы Оның азабынан сақтануы айтылады. Бұрынғы өткен пайғамбарлардың барлығы да өз қауымдарын тақуалыққа шақырған. Уағыз соңында аудан жамағатының сауалдарына жауап берген Рахат ауылының имамы мешіт жастарына «тақуалықтың шыңына жетуді нәсіп етсің» – деп дұға етті.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: