#Шу: Жастарға арналған жиын өтті

#Шу: Жастарға арналған жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жуырда  Шу аудандық мәдениет үйінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен  «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді. Іс-шара барысында  Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев «Деструктивті діни ағымдардың шығу тарихы" тақырыбында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен бірге жастарға насихат айтылып, ауызбіршілік, ынтымақ, теріс бағыттағы ағымдардан сақтану жолдары айтылып, түрлі кеңестер берілді.

     Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы  Зарина  Абдиева «Дәстүрлі емес ағымдары зардабы» тақырыбында баяндама оқыса, Шу қаласындағы   "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы   Бақыт Базарбайұлы жастардың дінге деген көзқарасы дурыс болуы турасында айтып өтті. Сонымен қатар, ісшараға Шу ауданы ардагерлер кеңесінің  мүшесі Дәнен Бейсенбаева,  жастар ресурстық орталығының  инспектор теологы  Мырзабек Смаилов қатысып, жасөспірімдер өміріне теріс діни ағымдардың тигізер зардаптары туралы айтып өтті. Студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары өз кезегінде  ойлармен бөлісіп, төралқаға түрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар  алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: