Талғажау етер тамағы қалмағанша қайырым жасайтын ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметі барымен бөлісіп, жомарт болуға ұмтылуы керек. Асыл дініміздің айтары осы.
Жуырда Шу ауданына қарасты "Айтқұл баба" және "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешіттері аз қамтылған отбасыларға азық түлік түрінде көмек көрсетіп, игі іс атқарды. Мәселен, "Айтқұл баба" мешітінің қызметкерлері 20 мың теңгеге қажетті азық-түлік алып, оны 4 отбасыға таратты. Сондай Қант зауыты мөлтек ауданындағы екінші мешіттің имамы Бақыт Нұрлыханов 24 мың теңгеге 1 отбасыға азық-түлік алып берді.
Алла жасаған қайырымдылыққа разы болсын. Жалпымызды жақсылық жасаушылардың етсін.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі