Көпшілікке мәлім, қасиетті Ислам дініміз әрқашан да адамзатты тазалыққа шақырады. Өйткені, тазалық иманның жартысы және денсаулық кепілі. Сонымен қатар, өзіміз тіршілік кешіп жатқан ортаны абаттандыруға, алыстан көз тартатындай етуге, жүрегімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Міне, осыны жете түсінгендіктен де болар, Азамат Берікұлы басқаратын Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бұл маңызды мәселеге әрдайым ерекше көңіл бөліп, назарда ұстайды.
Ауа-райының жылуына байланысты, орталық «Меркі ата» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтарына көңіл бөлініп, дәретхана, мешіт ауласы, мешіттің намаз оқитын орындарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт төңірегіндегі 50 түп жеміс ағаш, 20 түп гүлдердің түбін қопсытып, бұтақтарын ретке келтірді. Жол бойындағы, мешіт төңірегіндегі қоқыстарды жинап, тазалады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі