ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.
Қасиетті жұма күні аудандық мешітке намаз оқуға келген жамағатқа «Миғраж оқиғасы және оның ғибраты» тақырыбында уағыз айтты.
Насихаттан бұрын осы мешіттің наиб имамы Алмас Исламбекұлы келген мейманды жамағатқа таныстырып өтті.
Сонымен қатар, аудан бас имамы Асхат Аманжолұлы «Жуалы» мешітінде жұма намазын өткізді. «Жуалы» мешітінің имамы Сейітқазы қажы Әбдірұлы «Қайрат» мешітінде, ал «Қайрат» мешітінің ауыл молдасы «Құлый баба» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Облыстан арнайы ат басын бұрып, арнайы келгені үшін Ғалымбек Төлегенұлына ауданның бас имамы Асхат Аманжолұлы алғысын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі