#Жамбыл: Қасиетті қажылық жайлы уағыз айтылды

#Жамбыл: Қасиетті қажылық жайлы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Рахат ауылының имамы Жұмағұлов Жандос аудан ақсақалдарына арнап мұсылман баласына бес парыздың бірі саналған «қасиетті қажылық» турасында уағыз айтты.

"Алла Тағаланың ұлылығы шексіз болғаны сияқты Оның түсірген заңдылықтары да кәміл ұлылықты көрсетеді. Кез келеген шариғат заңдылықтарына қарасаңыз толыққанды адам игілігі мен жарқын болашағына арналған ұлы сүйіспеншілікті байқайсыз. Ең бірінші осы бір теңдессіз құлшылықты жасаған адамның сары уайымдарды арқалаған санасы қажылық барысында демалады. Сол арқылы пенде рухани серпіліп, тоқырауға, күйзеліске түскен күндерінен құтылып, бір жеңілдеп қалады. Мысалға, кей бауырларымыз демалып, миын тынықтыру үшін аңға немесе балық аулауға баруы, ал басқалары өзге мемлекеттерге қыдыру арқылы дамаламын деп әрекет етіп жатады. Алайда, жан мен тәннің саулығы, шынайы демалып, күйбең тіршілікті мүлдем санасынан шығарып тастайтын жер біреу-ақ. Ол – Қажылық сапары" - деді имам насихатында.  

Жамбыл адандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: