Елдің ертеңі түзу болу үшін бүгінімен айналысу керек. Яғни жастармен. Өйткені өмірлік мектепке енді қадам басып жатқан оларға бағыт беріп, ойын тыңдап отыру керек.
Жуырда Шу ауданы "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы #10 Шу колледжіне барып, білімгерлермен кездесті. Кездесу барысында асыл дініміздің тәрбие діңгегі екені айтылды. Студенттер бас имамға өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі