#Меркі ауданы: Мешіт жамағатының білімі сыналды

#Меркі ауданы: Мешіт жамағатының білімі сыналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен 1 айлық дәрістің нәтижесін анықтау мақсатында жамағаттан сұрақ-жауап ретінде білім тексеріліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын тағайындалған бас имам Азамат Берікұлы Ислам дінінің құлшылық дәрістерін бастаған болатын. Дәріс азан, намаз тақырыптарынан басталды. Сол дәрісті жамағат түсініп, түсінбегенін анықтау мақсатында өткен тақырыптардан сұрақ-жауап алынып, дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Бас имам бұл игі іс-шара Алла нәсіп етсе ай сайын қолға алынып, өз жалғасын табатынын тілге тиек етті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: