#Меркі ауданы: Бас имам уағыз жүргізді

#Меркі ауданы: Бас имам уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, Ақтоған ауылдық «Шақшам ата» мешітіне арнайы іс-сапармен келіп «Ынтымақ-бірлік» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.

Өз сөзінде: «Алла Тағала берген үлкен нығметтің бірі – ынтымақ-бірлік. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» – деп ынтымақ-бірлікке үндеген. Сонда ғана қоғамда ізгілік салтанат құрады. Алла елшісі: "Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге, Алла Тағала да мейірімділік танытпайды», мұсылман баласының басқа бір мұсылман баласына қарым-қатынасы туралы: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Сондықтан оған қатысты зұлымдық жасамайды, көмектесуден бас тарпайды және оны өзінен төмен санап қорламайды. Тақуалық мына жерде деп, кеудесіндегі жүрегінің орналасқан жеріне үш мәрте меңзеді. Адам баласы мұсылман бауырын қорлайтын болса, Алла Тағаланың алдында үлкен күнә жасаған болып табылады. Кез келген мұсылманға, басқа бір мұсылманның жанына, мал-мүлкіне және ар-намысына зиян тигізуге болмайды», - деп, Пайғамбарымыздың с.а.с сөзін келтіріп, Исламмен жүруді өсиет етті.

 Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымда жауап берілді. Ақсақалдар өз баталарын беріп, жаңа бас имам қызметіне жеңілдік тілеп, шығарып салды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: