Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының арнайы ұйымдастыруымен мешіт құрылысына атсалысқан, мешітке қызмет еткен ата-апаларымызға құрмет көрсетілуде.
Бұл жолы мешітке көрші тұрып, кейін көшіп кеткен Гүлсім апамызға алғыс айтылды. Бас имам Гүлсім апамыздың ерен еңбегін бағалап, мешіт атынан ақжаулық жауып, кілем және де Алланың сөзі болған Құран кітабын табыстады.
Гүлсім апамыз орталық «Меркі ата» мешітінің құрылысы басталғанда, бала-шағасы отбасымен бірге осы мешіттің ірге тасын қаласып, мешіт салынып біткенше басы-қасында болып, өзі құрылысты жүргізіп жатқан жұмысшыларға ас әзірлеп әкеліп беріп тұрған.
Бас имамның арнайы тапсырмасымен осы мешітке қызмет еткен ата-апаларымызға құрмет ретінде алғыс айтылып, дүниеден озған ата-апаларымызға арнайы бейсенбі күні құран бағышталып тұрады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі