#Меркі ауданы: Мешіт тынысымен танысты

#Меркі ауданы: Мешіт тынысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа тағайындалған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, Ақтоған ауылы «Шақшам ата» мешітінің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.

Ақтоған ауылдық мешітінің имамы Турпанов Асқар аудандық «Меркі ата» орталық мешітінің бас имамы Азамат Берікұлын жылы шыраймен қарсы алып, мешіт жағдайымен таныстырып, болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Бас имам кездесу соңында, бұл жылды «Бірлік пен ынтымақ» беіктілгенін айтып,  жамағаттың ауызбіршілігін, ынтымағын нығайтуды тапсырды. Сонымен қатар Қазақдихан ауылына барған бас имамы ауылдық мешітінің имамы Ұшақбаев Ержан жылы қарсы алып, мешіт жағдайымен таныстырып, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Ақшам намазына жиналған мешіт жамағаттарына жаңадан тағайындалған бас имаммен таныстырды.

Азамат Берікұлы: «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып,  жамағаттың толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: