#Шу: «Жәми» мешіті жарты жыл ішінде жаңарды

#Шу: «Жәми» мешіті жарты жыл ішінде жаңарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жылдың күзінде Шу ауданына білікті имам Бахтияр Әміреев тағайындалып, жауапты жұмысқа кіріскенінен жұртшылық хабардар. Жас келсе іске, кәрі келсе асқа деген аталарымыздың айтқаны рас. Жас та болса бас болған Бахтияр Амантайұлы алдынғы имамдардың іргелі ісін жалғап, ізін баса білді.  Жарты жылдың ішінде ілкімді істер желі арқылы жарияланып келеді.

Айналасы алты айда аудандық мәртебесін алған «Жәми» мешітінің келбеті кіріп, іші әрленді. Атап айтатын болсақ осы уақытқа дейін мешіт мұнаралына құстар кірмес үшін арнайы торлар қойылды. Мешіттің тоқтары түгелдей жаңарып, жылу жүйесі жақсысына ауыстырылды. Жамағаттың жағдайы үшін жылы едені жөнделді.  Мешіт пен шаруашылық бөліктегі 20 шақты шәкірт сыйатын  сыныптың перделері ауыстырылды. Аталған сынып, имам бөлмесі мен Құран оқитын бөлме толық жөндеуден өтті.

Әрине, көп уақыт пен көлемді қаржы талап ететін тіршілікте жанашыр жамағаттың еңбегі зор. Асыл діннің жолында аянбай мал-мүлікпен, басқа да мүмкіндікпен жәрдем жасағандарға Алла разы болсын. Бірлік бар жерде тірлік бар екені осындайда дәлелденеді. Ауызбіршіліктен айырмасын.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: