#Шу: Ауыл мешітінің азаны әуелей түспек

#Шу: Ауыл мешітінің азаны әуелей түспек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауылына қарап азаматын, мешітіне қарап жамағатын тануға болады.  Сан ғасырдан асыл дінімізді ұстанып келе жатқан бабаларымыз «Азаны бар ауыл-азбайды» деп топшылаған. Тозбасты ұста соқпайды дегендей кей ауыларда мешіт мұнарасынан азан дауысы аңығырақ шықпай жатады.

Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Шу ауданы Қонаев ауылының жомарт азаматтары бірігіп,  350 мың теңгеге  азан шақыру құрылғысын жаңалап берді.  Енді 6 мыңдай тұрғыны бар ауылдың азаны қатты шығып, талай жүректі шымырлатары сөзсіз. Өйткені, азан туралы Ардақты Алла елшісінен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген  хадистер қалған.

Мешіт имамы Ердәулет Құлыбек жомарт жандарға алғысын жаудырып, істеріне береке тіледі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: