#Шу: Ауыл имамы дөңгелек үстелге қатысты

#Шу: Ауыл имамы дөңгелек үстелге қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздің атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырып жүрген ағымдарды адамзат айыптайды. Олардың әрекеті Ислам шариғатына сай емес. Сондықтан мешіт имамдары терроризм мен экстремизмнің теріс бағыт екенін айтып келеді.

Сондай жиынның бірі жуырда Шу ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімшілігінде өткен болатын. Оған  "Баласағұн" мешітінің имамы Байұзақ Жаманкеев қатысып, дөңгелек үстелге қатысушыларға тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жат ағымдардың жетегіне еріп кетпеудің қағидаларын айтты.

Жиылғандар мол мағлұмат алып, аз да болса діни сауаттарын жетілдіріп қайтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: