Жамбыл ауданы Еңбек ауылында мешіт имамы Әбденбеков Жемісбектің ұйымдастыруымен, сондай-ақ ауыл қариялары мен мешіт жамағатының демеушілігімен ауылға жақын зират бастары мал басы баспасын деген мақсатпен темір қоршаумен қоршалып жатыр.
Аталған игі іс-шараны қолдаған ауыл ақсақалдары мешіт имамына өз алғыстарын білдірді. Зират басына қасиетті Құран бағышталды.
Егерде оразада, жұмада, зират басында немесе марқұм болған ағайын туыс, дос жарандарыңызға және дәметкен аруақтарға құран бағыштағыңыз келсе, Құран кәрімнің «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерін оқуыңызға болады. Зират басына зиярат ету мұсылманға жат емес екендігі барлығымызға белгілі. Ал сол зират басын мал басуынан қорғау игі іс.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі