#Жамбыл: Қасиетті Құраннан дәріс өткізілді

#Жамбыл: Қасиетті Құраннан дәріс өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде мешіт ұстазы Жайна Бекназарова қыз-келіншектерге арнап, қасиетті Құраннан дәріс өткізді.

"Иісі мұсылман елдеріне қадірлі қасиетті Құран Кәрімді үйрену мен оны үйретушіге қаншама сауаптар еселеніп жазылатынын айтсаңызшы.  Құраннан алыстау адамның рухани өміріне әсер етеді. Бұған жол бермеу үшін адамның өзі, оның жанұясы, қоршаған ортасы Құран мәдениетімен өмір сүруі тиіс. Себебі Құран – адам өмірінің барлық саласына арналған нұсқаулық. Құрандағы пайғамбарлар қиссаларының өзі бізге өнеге болу үшін келтірілген. Сондықтан, мейлінше қасиетті Құранға ден қойып, ондағы нұсқаулықпен өмір сүруге тырысайық" - дейді мешіт ұстазы.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: