Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы бойынша «Мәдениеттілік адамгершілік мәйегі» тақырыбында насихат жүргізді.
Адам баласының қоғамдық ортада мәдениетті болуы, өзін ұстай білуі, үлкендерді сыйлауы, оларға құрмет көрсетуі, сәлемдесуі, сыпайылық танытуы – рухани байлығының көрсеткіші.
Қазақ халқының қанға сіңген дәстүрі бойынша кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге, мәдениетті, ізетті болуға баулыған. Мәдениетті адам болу арқылы әрбір адамның бойына әдептілік қалыптасады. Сондай-ақ мәдениеттілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді. Жамағаттың сан сауалына жауап берген аудан имамы жастарды мәдениетті болуға шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі