#Жамбыл: Қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді

#Жамбыл: Қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мешіт ұстазы әрі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі  Бекназарова Жайнаның ұйымдастыруымен өткізіліп отыраған игі шараға жағдайы төмен ауыл тұрғындары қатысты. Аталған шараға қатысқан ауыл тұрғындары мешіт ұстазына алғыстарын білдірді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.  

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: