#Жамбыл: Мешіт – имандылық ұясы

#Жамбыл: Мешіт – имандылық ұясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Ержан Сапарбеков бесін намазына келген мешіт жамағатына имандылықтың ұясы болған, күллі мұсылман қауымына қасиетті орын саналатын – мешіт турасында кеңінен уағыз айтты.

Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені әрі пенде мен Раббысы арасындағы байланысын арттыратын орын «мешіт» деп аталған. Осылай аталуының өзіндік себебі бар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құлдың, Раббысына ең жақын сәті сәжде жасаған кезі»  деп атаған. Демек мешіт пендені Раббысына жақындататын қасиетті орын. Уағыз соңында мешіт имамы жамағаттың сан сауалына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: