Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сабит бесін намазына мешітке келген жамағатқа «Мұсылманның абыройын қорғау» турасында уағыз айтты.
Расында, адам баласының бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі – абырой. Осыны терең түсінген халқымыз: «Абыройыңды жасыңнан сақта» деп өсиет айтып, адамның бойында жастайынан ар-намыс, абырой деген сипаттардың қалыптасуына ерекше мән берген. Тіпті, ата-бабаларымыз ақ батасын бергенде: «Алла абырой берсін!», «Абыройлы бол!» дейтіні де осыдан. Ал асыл дінімізде де мұсылманның абыройы аса құрметті саналады, оған нұқсан келтіретін барлық істерге тыйым салынған.
Жамбыл аудандық мшітінің баспасөз қызметі


14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

