#Жамбыл: Қайырымдылық – қадірлі іс

#Жамбыл: Қайырымдылық – қадірлі іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы  Рахматулла Каримовтың ұйымдастыруымен 5 отбасына қайырымдылық жасалды. Азық-түліктей жасалған бұл игі іске 50 000 теңге қаражат жұмсалды. Қайырымдылық істе үнемі алдыңғы шепте жүретін мешіт жамағаты да бұл шарада көмек алған отбасылардың үйлеріне көмекті жеткізіп берді.

Жалпы, мұсылман өміріндегі барлық ережелер мен қағидалардың қайнар көзі – Құран мен сүннет екендігі сөзсіз. Сол сияқты, мұсылманға бес парыздың бірі ретінде міндеттелген зекет ғибадатының да негіздерін Құран аяттары және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері арқылы бағамдап көрсек.

Кімде-кім зекет ғибадатын парыз деп қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап, алайда орындамаса күнәһар болады. Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: