#Шу: Бас имам «Төле би» мешітінде болды

#Шу: Бас имам «Төле би» мешітінде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның  ардақты күні  Жұмада  мұқым  мұсылмандар Раббысына құлышылық ету үшін Жұма намазына жиналады.  Бір-бірімен көрісіп, құшақтасып жатады. Сонымен қатар сауапқа үмітті болып, сүннет амалдарды орындайды.

Таяуда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы аудан орталығындағы «Төле би» мешітіне барып жамағатпен жүздесті.  Жүздесу барысында «Мұсылман мұсылманның айыбын жасыру абзал амал» тақырыбында жұма уағызын айтып, намазды жүргізді.

Расында, барлық пенденің айыбы, ақсар тұсы болады. Кемшіліктен пәк Алла ғана. Бауырыңның білместігі мен кемшілігін жұртқа жаймай, жеке насихат ету шариғатта құпталған іс. Өйткеннің кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла сол пенденің айыбын ахирет күні жасырады деген хадис бар.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: