#Жамбыл: Дін мен дәстүр сабақтастығы сөз болды

#Жамбыл: Дін мен дәстүр сабақтастығы сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітіне бесін намазына келген мешіт жамағатына ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «дін мен дәстүр сабақтастығы» жайында уағыз айтты.

Шындығында, дін мен дәстүр сабақтастығы қазақ халқының болмысында бар екендігін айтпаса да түсінуге болады. Себебі, қазақтың салт-дәстүрлері дінге яғни асыл дініміз исламға қарсы келмейтіндігі белгілі. Ал, ислам діні өз кезегінде әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып та табылады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: