#Т.Рысқұлов: Студенттер арасында семинар өткізілді

#Т.Рысқұлов: Студенттер арасында семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев колледж студенттерімен «Деструктивті діни идеялардың алдын-алу жолдары және Қазақстандық потриатизмді жастардың санасына жеткізудің өзектілігі» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл семинар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар Құлан колледжінің 20 шақты студенттерінің қатысуымен колледждің акт залында өтті.

Бас имам Сұлтаншәріп қажы тақырып төңірегінде кеңінен ой толғап, тақырыпты жастар түсінігіне сай қылып жалпақ тілде жеткізді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: