#Жамбыл: «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы насихатталды

#Жамбыл: «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Сапарбеков Ержан «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы аясында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізді. Мешіт жамағатына жан-жақты түсіндірілгеннен соң, кезекті сауалдарын қойып, мешіт имамынан жауаптарын алып жатты. 

Ислам  этикасы  –  көркем  мінез-құлық  нормалары  мен   имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік,  әділдік  сынды  көптеген  рухани  құндылықтардан тұрады. Бүгінгі  қоғамның  мұсылмандары  ислам  этикасын,  ондағы адами  құндылықтарды  ұстана  білуі  қажет.  Осындай  тәлімі  мол тұғырнамалар  арқылы  қоғамдағы  тұрақтылық  сақталып,  рухани кемелдену жүзеге асады. Қазіргі  қоғамымыздағы  діни  ахуал  жағдайында  ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, имани құндылықтарды дамытудың маңызы зор.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: