#Рысқұлов бас имамы Құмарық ауылында жұма намаз өткізді

#Рысқұлов бас имамы Құмарық ауылында жұма намаз өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Құмарық ауылдық «Құмарық» мешітінде жұма намазын өткізді. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасы бойынша аудан бас имамдары ауыл мешіттерін аралап жұма намаздарын өткізуде. Бас имам «Құмарық» мешітінің жамағатына «МҰСЫЛМАННЫҢ АБЫРОЙЫН ҚОРҒАУ – ИМАНДЫ АДАМНЫҢ МІНДЕТІ» атты тақырыпта уағыз-насихат айтты.

   Бас имам уағыз барысында: "Асыл дінімізде де мұсылманның абыройы аса құрметті саналады, оған нұқсан келтіретін барлық істерге тыйым салынған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нұр» сүресі, 23-аятында:  «Расында абыройлы, ары мен көңілі таза мүмин әйелдерге жала жапқандар бұл дүниеде де, ақыретте де (Алланың рақымынан алыстап) лағынеттеледі. Әрі олар үшін үлкен азап бар»,– деп айтқан. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» демекші, мұсылман мұсылманның кемшілігін жасырып, жақсылығын асырып, оның ар-намысы мен абыройына барынша қорған болуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам»," – деген деп атап өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: