Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек ұстаз Жамбыл ауданына қарасты мешіттерді аралады.
Сапар барысында Жасөркен ауылы «Бейсеу ата» мешітінде салынып жатқан асхана мен мешіттің жанынан арнайы соғылып жатқан қызметтік үйді «Бейсеу ата» мешітін соққан Абай Мадалиев таныстырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта мешіттің жан-жағын көгалдандыратындығын айтты.
Иісі мұсылман баласына белгілі мешіт – барша мұсылман қауымының құлшылық жасайтын қасиетті орны. Мешіт соғу үлкен сауаптарға жетелейтіндігі секілді, мешітке Алла разылығы үшін қызмет қылып, оның тазалығын қамтамасыз етудін де сауабы аз еместігін есте ұстайық.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі