«Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, әйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені олар – өмірдің ұрпақ өрбітетін бастау-бұлағы. Ұлттың бар болмысын – тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытатын әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Осы мақсатта Қордай аудандық мешітінде "Ұят - иманнан" тақырыбында қыз-келіншектерге уағыз айтылды. Насихатты мешіт ұстазды Эльмира Есімқараева жүргізді.
Қыз-келіншектердің ұялуы, ұят түрлері мен орны жайлы көркем дағуат барысында көпшілік өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі