#Жамбыл: Шәкірттер Құранға түсуде

#Жамбыл: Шәкірттер Құранға түсуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде оқытылып жатқан шәкірттер қасиетті Құранға түсуде. Мешіт ұстазы Ибрагимова Зухраның арқасында қол жеткізіп отырған осынау жетістік үшін қыз-келіншектер ұстазға алғыстарын білдіруде.

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды. 

Осы ретте Құранды оқудың, жаттаудың, ұстанудың, зерттеудің, оған деген үнемі сүйіспеншіліктің, оның аяттарының мағыналары мен құпияларына ой жүгіртудің артықшылығы біз ойлағаннан да көп екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: