Өтеген ауылдық мешітінің имамы Ғалымжан Шерниязов шекарашылармен кездесу өткізді. Білікті маман әскерилермен деструктивті ағымдардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара жүргізді.
Имам өз насихатында: "Әлемде көптеген елдер деструктивті діни ағымдардың радикалды іс-әрекеттерінен зардап шегіп отыр. Өкінішке орай, Қазақстан да олардың осындай теріс пиғылдарынан тыс қалмады. Деструктивті радикалды ағымдардың көсемдері ресми рухани билік өкілдерін, олардың ілімдері мен әдебиеттерін олардың ізін қуушылардың алдында қаралауға бар күшін салады. Сондай-ақ, бұл көсемдер өздерінің жақтаушыларына ресми дін өкілдерін адасушы, күнәһар, дінге жаңалық енгізушілер ретінде көрсетеді. Тек өздерін ғана дұрыс жолда, ақиқат жолын ұстанушылар ретінде дәріптейді," - деп атап өтті.
Әскерилер өздерін толғандырған сауалдарын қойып дәйекті жауаптарын алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі