Қайырымдылық адам мен адамның жүрегіне мейірім сыйлайтын Аллаға ұнамды амал. Ал осы игілік өңір мешіттерінің негізгі бағыттарының бірі. Өйткені, Алла үйіне берілген садақалардың басы қосылып, мұқтаж жұртшылыққа көмек ретінде жеткізіледі.
Осындай кезекті қайырымдылық Қордай ауданына қарасты 2 бірдей ауылда атқарылды. Жамбыл ауылдық "Әл Хифиз" мешітінде 2 қой сойылып еті таратылса, Алға ауылдық округіне қарасты мешітте 15 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Тұрғындар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, іс-шараға 200 000 теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі