#Шу: Бас имам оқушылармен кездесті

#Шу: Бас имам оқушылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жастықта жиған білімің-қарттыққа жұмсар мүлігің. Ата-бабаларымыз осы бір сөзінде қаншама ғибрат бар. Асыл дініміз Исламда, оны ұстанған халқымызда  жастар тәрбиесіне, білімге қатысты көптеген мысал бар.  Соны үлгі тұтып, өміріне қолданған  жан қос дүниелік бақытқа жетері сөзсіз.

         Жуырда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Бірлік ауылдық округіндегі М.Х.Дулати атындағы мектепте болып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында Бахтияр Амантайұлы  теріс ағымның зардаптары,  олардың белгілері, білім алудың артықшылығы, уақыттың қадірі туралы уағыз айтып, ағалық кеңес берді.

         Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, бас имамнан байыпты жауаптарын алды.

         Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: