Таяуда №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Дін және ұлттық дәстүр" атты дебат өткен болатын. Дебат мақсаты: жастарға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиіс мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі теріс діни ағымдармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесе отырып, имандылыққа тәрбиелеу. Іс-шараға Шу ауданы "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев арнайы шақырылды.
Шараға мектеп оқушылары мен кітапханшы А.Даулетова қатысты. Іс-шара барысында кеш қонағы Ш. Қамаубаев "Дін және дәстүр" тақырыбында кең көлемде әңгіме өрбітті. Дін және дәстүрге, оның өзара үйлесіміне қатысты өзінің ойын ортаға салып, дебатқа қатысқан оқырмандарға кеңесін берді. Соңында оқырмандардың әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, осындай шараны үнемі ұйымдастырып отыру, шараға оқырмандарды көбірек қамту керектігі жайында айтылды. Кітапханашы А.Басыбекова баяндама оқыды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі