Мешіттің көркі-жамағат. Мешітке қарап жамағаттың бірлігін, жанашырлығын аңғаруға болады. Бұл орайда ұйыстыра білетін имамның да рөлі зор. Сондықтан бірі басшы, оны қосшы болса қай істе берекелі болмақ.
Оған айқын дәлел ретінде Шу ауданы Белбасар ауылындағы "Хати Сауранбай" атындағы мешіттегі берекелі істі атап өтуге болады. Мешіт жамағаты жұмылып мұнараға дыбыс күшейткішті ауыстырып, азан дауысын жақсырақ шығаруға ат салысты. Ал, ауылдың азаматытөз қаржысына мешіт жанынан жаңа дәретхана мен жуыну бөлмесін соғып, ел игілігіне беріп отыр. Мұндай жанашырлары бар мешіттің мерейі үстем. Алла жақсылық жасаушыларға жәрдем бергей.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі