Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көреді. Әрі мұқтаждың мұңын арылтқанға мол сауап жазады. Жалпы алғанда асыл дінімізде қайырымдылық жасау қадірлі іс. Құрметті амал.
Жуырда Шу ауданы Далакайнар ауылдық мешітінде әлеуметтік әлжуаз 8 отбасыға 60 мың теңге көлеміндегі қаржыға азық түлік түрінде көмек көрсетілді. Азық-түлік себеттері иелеріне таратылып, алушылар алғыс білдірді.
Сол секілді Шу қаласындағы "Айтқұл баба" мешітінің мұрындық болуымен 16500 теңгеге азық-түлік алынып, осал топтағы 3 жанұяға табыс етілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі