Әр нәрсенің байыбын білетін бабаларымыздан "Асың барда беріп жүріп ел таны, атың барда желіп жүріп жер таны" деген тамаша сөз қалған. Тектілік пен тазалықтан түзілген дәстүріміз мұны шариғаттан алғаны анық. Өйткені асыл дінімізде ас беру, көпшіліктің басын қосу туралы дәлелдер жетерлік.
Жуырда Шу ауданы Тасөткел ауылдық мешітінің имамы мен жамағаты Шу қаласының "Кәрібай молда" мешітінің имамы Нұржан Қалиевты шақырып, айлық дастарханның қонағы етті. Астан бұрын Нұр-Мубарак түлегі жамағатқа уағыз айтып, адам баласына берілген нығмет денсаулық пен уақыттың қадірін білу тақырыбын тарқатты. Сондай-ақ тасөткелдіктердің көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
Дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, бата берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі