Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің жамағаты Тараз қаласындағы "Әзрет Әли" мешітінің имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстазбен жүздесті.
Ауданымыздың бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен, Елімізге белгілі Исламтанушы, Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахмет ұстаз Меркі аудандық "Меркі ата" мешітіне арнайы келген болатын. Аудан имамы Азамат Берікұлы көпшілік алдында қонағымызды таныстырып болған соң, сөз кезегін алған Ғазиз ұстаз басшылыққа бағыну, ынтымақ-бірлік және заманауи білім-ғылымды игеру жайында уағыз-насихат айтты. Имамның уағызын тыңдауға келген жамағаттың қарасы көп болды.
Кездесу соңында білікті маман, мамандық таңдауда мұқият болу керектігін тілге тиек етті. Мешітке арнайы келген, ұйып тыңдаған жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, дұға жасасып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі