Әр нәрсенің өлшемі бар. Мөлшері мен шеңбері бар. Тура пышақтың екі қыры секілді. Сондай дүниенің бірі әлеуметтік желі десек артық айтқандық емес. Оның өз әдебі, әдебін ұстанбаса әлегі болады.
Осы туралы таяуда Шу ауданы Бірлік ауылдық мешітінің имамы Медет Жұматаевтың жамағатқа арналған уағызында айтылды. "Жақсылыққа шақыру арқылы сауап, ғайбаттап, теріс бағытта пайдалансан күнә арқалататын әлеуметтік желімен жұмыс істегенде сауысқандай сақ болған абзал. Әсіресе жастар осыны жақсы түсіну керек," - деді Медет Жұматаев уағыз барысында.
Шу аудандық " Жәми" мешітінің баспасөз қызметі