Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында жаңа мешіт құрылысы аяқталуға жақын қалды. Жаңа мешіттің ішкі-сыртқы құрылысы, дәретханасы, қақпасы, қоршауы салынып бітті.
Қазіргі уақытта ашылу алды майда жұмыстары мен құжаттары рәсімделуде. Бұл зәулім мешіттің құрылысына осы ауылдан шыққан жаны жомарт бауырымыз қол ұшын созып демеушілік қылды. Алдағы уақытта жаңа мешіттің ашылуын өткізіп, пайдалануға берілетін болады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі