#Т.Рысқұлов: Терроризм мен экстремизмнің зардаптары түсіндірілді

#Т.Рысқұлов: Терроризм мен экстремизмнің зардаптары түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылдық мәдениет үйінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу барысында «Терроризм мен экстремизмнің зардаптары» атты тақырыпта мәдениет үйі қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысқан кездесу өтті. Кездесуде Әбжаппар ауылдық «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан жоғарыдағы тақырып төңірегінде баяндама жасады.

Ғалымжан имам сөзінің барысында: «Экстремизмнің кеңінен таралуы салдарынан қоғамның имандылық қағидаттарына, мәдени, діни, ұлттық құндылықтарына нұқсан келуде. Мемлекет, қоғам мен жеке тұлғалар үшін аса үлкен қауіп туғызып отырған бұл феномен заң ғылымдарының, оның ішінде криминология мен қылмыстық құқықтың зерттеу объектісіне айналуы орынды. Сондықтан экстремизмге әлеуметтік-құқықтық баға беріп, мазмұны мен көрініс табу нысандарын белгілеп, оның идеологиялық қайнар көзін, Қазақстан Республикасы аумағында пайда болуы мен белсенді түрде әрекет етуіне ықпал етуші факторларды зерделеу қажет»,- деп, өз сөзін аяқтады.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: