Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет.
Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен жағдайы төмен отбасыға күнделікті тұрмысқа керек азық-түлік берілді.
Көмек алған отбасы, осынау ізгі іс-шараға ұйытқы болған имамға, отбасын, мал-дүниесіне береке тілеп, Алладан жарылқау тілеп батасын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі