Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты жаңадан салынып жатқан мешітті зерделеп қайтты. Кездесу барысында, осы мешітті бастан аяқ құрылысын жүргізіп жатқан Айтимбетов Мубарак Сағынбайұлымен кездесіп, мешіт ахуалымен танысты.
Мубарак ағамыз: «Мешіт салу мұсылман баласының арманы. Бұл мешітті сонау 2001 жылдан бастап жоспарлап едік. Сосын оның құрылысын 2015 жылы іргетасын құйып бастаған едік. Қаржы мәселесіне келіп тоқтап қалған еді. Алланың қалауымен 2020 жылы қайта қолға алдық. Қазіргі күні міні қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылып жатыр. Осы ісімізді қолдап, көмектесіп жатқан кәсіпкер бауырларымызға, осы халықымызға үлкен алғыс айтамын», - деп сөзін аяқтады.
Бас имам Азамат Берікұлы: «Мубарак ағамызға күш-қуат, қажыр-қайрат тіледі. Бұл жол оңай жол емес, бәріміз мешіт салуды қалаймыз, бірақ жетістікке жететін адамдар аянбай тер төккендері. Біз тараптан қандайда көмек керек болса дайынбыз. Әрдайым қолдаймыз. Алла ісіңізге береке берсін, мол-мол сауаптан жазсын. Ақыретте жәннаттан зәулім сарай нәсіп етсін», - деп, ісіне береке тілеп, дұға жасады.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы халыққа үндеу жасап:
"Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген адамдардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар атсалысып, мешіт қорына үлес қосады деп ойлаймын. Мешіт құрылысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз, өйткені мемлекет салып жатқан нысан емес. Бәрі қорға түсетін қаражатқа байланысты. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске атсалысуға шақырамын. Осындай игі іске атсалысып жатқан азаматтарға және ниет білдіріп жатқандарға Алла Тағала отбастарына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" -деп атап өтті.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал аул.округы. Юбилейная аймағы, М. Жұмабаев көшесі, 1 үй.
Kaspi.kz: 4400 4301 2569 2621
+77473265347 Ашир. И
+77768491300
+77007753901
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі