Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай аудандық мешітінде жұма намазын жүргізді.
Облыс бас имамы жамағат алдына шығып, "Уақыттың маңызы мен қадір-қасиеті" тақырыбында уағыз айтып, Қордайлықтармен жүздесті.
Рухтың иманын, адамның шүкірлігін арттырған көркем насихатты көпшілік құлаққа ұрғандай ұйып тыңдады. Уағыздан соң бас имам жамағатпен жұма намызын оқыды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі