Меркі ауданы, Сұрат ауылдық «Сұрат» мешітінің имамы Азамат Оразқұлұлы «Ынтымақ-бірлік» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.
Өз сөзінде: «Алла Тағала берген үлкен нығметтің бірі – ынтымақ-бірлік. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» – деп ынтымақ-бірлікке үндеген. Сонда ғана қоғамда ізгілік салтанат құрады», - деп жамағатты ынтымақ-бірлікке шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі